БҚО әкімінің есептік кездесуі үстінде Орал және Ақтөбе облыстарының архиепископы Антоний әкейдің денсаулығы нашарлап, құлап қалды. Діни қызметкерді оқушылар сарайынан жедел жәрдем көлігі алып кетті. Алғашқы медициналық көмектен соң әулие әкейге қалалық аурухана мамандары ем көрсетіпті. 77 жастағы Антоний 20 жылдан бері осы салада қызмет көрсетіп келеді. Дәрігерлер қазір оның денсаулығы қалыпты деп хабарлауда.