0:00 / 0:00
Бүгін барша бұқаралық ақпарат саласында қызмет жасайтын журналисттер кәсіби мерекесін атап өтуде. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана журналистердің мәртебесін айқындайтын, маусымның 28-ін арнайы кәсіби мереке деп бекітті. Ақпарат саласында бел жазбай қызмет жасайтын жандарды бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев те құттықтады.
Халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын жандар бүгін кәсіби мерекесін тойлауда. Бүгін тілшілердің кәсіби мерекесімен құттықтап жатқан жандардың қатары қалың. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, ел өмірінде болып жатқан жұмыстарды бұқара халыққа жеткізуді басты парызым деп санаған жандарды облыс әкімі құттықтады.
Салтанатты шара барысында мемлекет басшысы және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Журналистиканың дамуына үлес қосып жүрген Мира Сүйіншалиева мерекеге байланысты жүрек жарды пікірімен бөлісті.
Билік пен бұқара халық арасында алтын көпір секілді, елдің дамуы үшін аянбай қызмет жасап, төрткүл дүниенің ақпаратын таратып, халықты ақпараттандыруы ісінде алғы шепкен табылатын барша, байланыс және ақпарат қызметкерлерін кәсіби мерекемен Тдк-42 телеарнасының атынан құттықтаймыз!