Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО әкімі нәзік жандыларды халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

c 18:05, 07/03/2018 c 967

0:00 / 0:00

БҚО әкімі Алтай Сейдірұлы бүгін Жайық өңірінің нәзік жандыларын халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Достық үйінде дөңгелек үстел басына жиылған аналар мен қыз-келіншектерге ақ жарма тілегін жолдап, емен-жарқын әңгіме дүкен құрды.

Әйелдер қауымы үшін 8-наурыз-ерекше мейрам. Бұл күні бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен әйел-аналар мен қыз-келіншектердің құшағы гүл шоқтары мен сыйлықтарға толады. Бүгінде осы дәстүр жалғасып, облыс әкімі мереке иелеріне ерекше ықыласпен құттықтауын арнап, игі тілектерін білдірді. Мерекелік көңіл күйді шырқалған әсем ән үстей түсті.

Мерекелік жиынға Қарлыға Молдағалиева Ақжайық ауданына келіп қатысып отыр. Бұрымымен талайды таңғалдыратын салиқалы ана қазақ салт-дәстүрін дәріптеп жүр екен. Бұл жиынға еңбегі сіңген, жыл бойы елі үшін елеулі іс атқарған азаматшалар, сүт бетінің қаймақтары жиылған. Көктемнің шуақты мерекесінде жүздері нұрланып, құлпырған нәзік жандылармен кездесу Достық үйінде ұйымдастырылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.