Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің  халық алдындағы есептік кездесуі басталды. 

c 13:11, 15/02/2020 c 434

Есептік жиында облыс басшысы 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық өсуі туралы баяндап, халықтың сұрақтарына жауап береді.  Есептік кездесу барысы тікелей эфирде «Aqjaiyq» облыстық телеарнасы арқылы көрсетілуде. Сондай-ақ 24 00 86, 24 00 92  Call-орталығы жұмыс жасауда.

Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Дәурен Байтөлешев, аудан-қала әкімдері мен мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, облыс тұрғындары қатысты.

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыста жеті негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша белсенді өсу байқалады. Атап айтқанда құрылыс жұмыстарының көлемі 25 пайызға, негізгі капиталға инвестициялар 24  пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер 12 пайызға, өңдеу өнеркәсібі - 9 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 6 пайызға өскен.

Сонымен қатар өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 6 пайызға төмендеген. Облыс басшысының айтуынша, бұл Қарашығанақ кен орындарының объективті технологиялық себептерге және зауыттың бір айға жоспарлы жөндеуге тоқталуына байланысты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.