0:00 / 0:00
Аймақ басшысы өңірді дамыту жөніндегі жоспарларын айтып берді. Сондай-ақ телеарна көрермендері эфирге тікелей желіде қосылып, көкейлеріндегі сауалдарына әкімнің өз аузынан жауап алды.
Депо көпірі 7-қыркүйек күні қолданысқа тапсырылып, көлік қозғалысына ашылатын болады. Бұл жөнінде Алтай Сейдірұлы тікелей эфирде ресми түрде жариялады. Дәстүрлі түрде телекөрерменге жол тартатын тікелей желі жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Биылғы ерекшелік-тұрғындар аймақ басшысына сұрақтарын тікелей экранда көрсетілген телефон нөмірге қоңырау шалып немесе ватцап мессенджер және телеарнаның Инстаграмм парақшасы арқылы жолдауына мүмкіндік болды. Эфир соңына дейін әлеуметтік желі арқылы 240-тан астам сауал түсті.
Көпшілікті мазалаған сұрақтардың басым бөлігі жолдарды жөндеу, коммуналдық қызметтер және тұтынушы борышының өтелмеуінен жапа шегудің алдын алу, ыстық судың ажыратылуы мәселесіне қатысты болды. Құс фабрикасы, Зашаған, Деркөл кенті тұрғындары жаңа аудандарда атқарылып жатырған жұмыстардың көңілден шығып жатқанын жеткізіп, дегенмен кемшін тұстар жоқ емесін еске салды. Жаңа нысандар құрылысының сапасын бақылауды атқарушы орган қатаңдатса деген өтініш айтылды. Алдағы уақытта әр саладағы басқарма басшылары мен мамандар да тікелей эфирде халық алдында есеп беріп, сұрақтарға жауап береді деп күтіліп отыр.