2020 жылдың сегіз айында БҚО-да 7 бала терезеден құлап қалған. Алты сәби түрлі дене жарақатын алса, бір білдүршін ауыр жарақаттан қайтыс болды. Өткен жылы да облыс аумағында 7 бала терезен құлап, үшеуі мерт болыпты. Қайғылы оқиғалардың көбі ата-аналардың терезені ашық қалдырып, бүлдіршіндерді қараусыз қалдыруының кесірінен болатынын айтады. Сала мамандары жазатайым оқиға болмас үшін терезелерге арнайы темір торлы құрылғыны орнатуға кеңес береді.
Сурет ғаламтордан жүктелді