Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО 2020 жылы 14 адам суға батып кеткен

c 16:17, 04/09/2020 c 535

Биыл жаз айларында БҚО-да 14 адам суға кетіп, қайтыс болды. Бұл туралы төтенше жағдай департаментінің мамандары мәлімдеді. Марқұмдар белгіленбеген, қауіпті жағалауларда шомылған. Сала мамандары ажалы судан келген жандардың екеуі бала екенін айтады. Биыл карантин талаптарына сай қалалық суға түсуге арналған жағажайлар жабық болып, жұмыс жасамады. Десек те табиғат аясында демалып, суға шомылған жандардың саны азаймай келеді. Төтеншеліктер мен мобильді топ өкілдері адамдар жиі баратын 9 жағалауда тексеру жұмыстарын қыркүйектің 15-сіне дейін жалғастырмақ.

Сурет ғаламтордан жүктелген.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.