Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО 175 ерлі - зайыпты жасанды ұрықтандыру жасатуға кезекте тұр

c 14:38, 23/01/2019 c 830

0:00 / 0:00

Қазір қоғамда бедеулік мәселесі өзекті болып тұр. Бір ғана мысал, БҚО өзінде 175 отбасы жасанды ұрықтандыру емшарасы үшін кезекте тұр. Бір облыс үшін аз емес. 175 отбасы бұл есепте тұрғаны, ал есепке тіркелмеген бір перзентке зар болып жүрген жұбайлар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Қазір бедеулік мәселесі барлық Қазақстан бойынша бар, әрі өзекті. Бала сүйе алмай жүрген қаншама отбасы бары нақты белгісіз. Қолда бар дерек бойынша БҚО өзінде жылына сексен шақты отбасылық жұп дәрігердің алдына келеді екен. Дәрігерлер еркек пен әйелдің ағзасына толық тексеру жүргізеді. Себептерді анықтауға тырысады. Қазіргі таңда әйелдер арасында бедеулік мәселесі көптеп кездесетін көрінеді, одан бөлек ер адамдар бедеулігі де бар.

ГҮЛЗАТ БАЙГЕНЖИЕВА
ГИНЕКОЛОГ-ЭНДОКРИНОЛОГ ДӘРІГЕР
Ер адамдар арасында да бедеулік мәселесі бар.Ер адамның бедеулігіне көбіне өмір салты әсер етеді.Әсіресе әр әйелге бір баратын, былайша айтқанда түрлі адамдармен жыныстық қатынасқа түсу, түрлі инфекциялар жұқтырудың соңы ер адамның бедеулігіне әкеліп соқтырады.Одан бөлек жұмыс орыны да маңызды. Мысалы кең орындарында жұмыс жасайтындар, вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар бір сөзбен айтқанда денсаулыққа зиянды жерде жұмыс жасайтындар көбіне бедеулікке ұшырайды.

Қазіргі уақытта бала сүйе алмай отырған ерлі -зайыптыларды жасанды ұрықтандыру орталығына жолдамамен жібереді.Бірақ жасанды ұрықтандырудан кейін міндетті түрде балалы боламын десеңіз қателесесіз. Мысалы 2018 жылы 31 ерлі -зайыпты жасанды ұрықтандыру шарасынан өткен. Солардың ішінде тек 16 әйел ғана өмірге бала әкеліпті. Олардың ішінде 4 әйел егіз тапқан.

 

ГҮЛЗАТ БАЙГЕНЖИЕВА
ГИНЕКОЛОГ-ЭНДОКРИНОЛОГ ДӘРІГЕР
31 жұптың ішінде 15 әйел бала сүйе алмай отыр. Жасанды ұрықтандырудың нәтижесі қандай боларын біз білмейміз. Ол бедеуліктің қай түріне жататынына да байланысты. Әрине екінші қайтара жасанды ұрықтандыру жасатуға болады, бірақ ол үшін қайтадан кезекке тұру керек

Жасанды ұрықтандыру да елдің бәріне бірдей қолжетімді емес. Бағасы 1 миллион, 200 мыңдай болады. Ал мемлекеттен бөлінетін квота мардымсыз, жылына тек 30-35 адамға ғана квота беріледі екен. "Сондықтан адамдар өз денсаулықтарын ерте жастан күткені абзал",- дейді дәрігерлер. Айтпақшы қазір қаладағы барлық емханаларда отбасын жоспарлау кабинеттері жұмыс жасайды. Кез- келген жасы 15-49 жас аралығындағы әйелдер осы кабинттерден өздеріне қажетті кеңестерді ала алады.

 

РАБИГА АРЫСТАНОВА
ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ КАБИНЕТІНІҢ МЕЙІРБИКЕСІ
Жоспарланбаған жүктіліктен сақтау мақсатында жас қыздармен жұмыс жасаймыз, одан қалды сақтық шаралары туралы лекциялар оқимыз. Ал, отбасылы адамдарға жүктілікті жоспарлап, денсаулықтарын толық тексертіп ,дені сау ұрпақ әкеліңіздер деп кеңес береміз.

"Бала сүю үлкен бақыт, ол үшін әр адам өз денсаулығын күтіп ұстағаны абзал",- дейді дәрігерлер.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.