Батыс Қазақстан аумағында 4 айдың ішінде 160-тан астам өрт оқиғасы тіркелген. Қызыл жалынның дені тұрғын үй секторында орын алыпты. Сала мамандары өрттен 3 адам қаза тапқандығын айтады. Тілсіз жаудан келген шығында аз емес. 2019 жылдың төрт айында келген шығын млндап саналады. Сондай-ақ, темір тұлпарлардың өртке орану деректері де көптеп тіркелген. Төтеншеліктер қызыл жалынды болдырмау үшін барша азаматтардан өрт қауіпсіздігін сақтауды сұрайды. Сондай-ақ, баланы көзден таса қылмаған жөн,- Күн жылыған шақта табиғат аясында тынығып, орманда от жаққан жандар тиісті талаптарды орындамаса, әкімшілік жаза арқалайтындығын ескертеді.