Осыған дейін аймақ басшысы бастаған жұмыс тобы облыстың 12 ауданын аралап, 100 елді-мекеннің жағдайымен танысқан болатын. Елдің жағдайын көзбен көріп, атқарылған жұмысқа талдау жасалып, бүгінгі жиында қорытындыланбақ. Жəне алдағы жылдың жоспары мəлім болады. Есептік кездесуге энергетика министрі Қанат Бозымбаев қатысып, тұрғындарды мазалаған сауалдарға өз жауабын берді.