0:00 / 0:00
"БҚМУ жұлдызы" студенттер сыйлығы жемісті ғылыми, шығармашылық, спорттық жетістіктеріне орай дарынды жастарды қолдау мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Өйткені, еліміздің ғасырға жуық тарихы бар М.Өтемісов атындағы БҚМУ ұжымы жаңа қоғамдағы, жоғары саналы ұрпақты дайындау мен тәрбилеуде бар күшін салуда. Аталмыш шара республикалық, халықаралық деңгейде білім додалары мен спорттық сайыстарда университет абыройын асқақтатқан белсенді жастарды 9 аталым бойынша марапаттауға бағытталған. "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі : табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты жолдауында" Елбасы 2019 жыл елімізде "Жастар жылы" деп аталатынына екпін түсірді. Жастар жылы - көпқырлы көлемді жұмыстар мен бәсекеге қабілетті қоғамды дамытудың шығар шыңы болуы тиіс. Биылдың өзінде Жол картасы бойынша 500 млрд теңге жастарға шәкіртақы, грант, жатақхана, несие беруге арналды. Күні кеше студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға көтерілді.Байқауға 130-дан астам студенттер қатысты. Әр факультеттің белсенділерін Факультет пен Студенттік деканаттар ұсынды.Ал, ақтық мәреге 27 студент іріктеліп алынып, оның 9-ы жеңімпаз қатарынан көрінбек. Байқауда жарқ етіп, жарып шыққан жастарды аталмыш білім орданың басшылық құрамы мен жастар ісі жөніндегі комитеті анықтаған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы Жастар жылын жалғастыру үшін келер жылды «Еріктілер жылы» деп атады.