0:00 / 0:00
Елімізде қауіпті індет жұтырғандар саны 1 мың 400-дің үсітінде. 300-ден аса адам бұл дерттен айығып шықты, 17 адам көз жұмды. COVID-19 вирусы жайлаған сәтте елде қабылданған төтенше жағдай режимі бизнестің жұмысын тұсаулап тастады. Осыған орай Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен 17 штаб құрылып, бизнесте орын алған проблемаларды шешу жұмыстары жүргізілуде.Бүгініг күні кәсіпкерлерден штабқа 32 мыңнан астам арыз –шағым келіп түскен. Бұл жайында бүгін өткен онлайн брифингте «Атамекен» кәсіпкерлер палатасаның басқармасы төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров баяндады.
Кәсіпкерлер палатасына келіп түскен шағымдарда, бизнес қауымдастығының жағдайы мәз емес екені байқалады. 74 пайызы жұмыспен қамтудағы проблемаға тап болуда. Бизенстің 54 пайызы жұмыс уақытын қысқартқан. Жұмыскерлерін ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болуда. Жұмыскерлерін жұмыстан шығаруға тура келіп отыр. Тізе берсек, төтенше жағдайда бизнес айтарлықтай проблемаларға тап болды дейді палата өкілі. Өзеріңізге мәлім, мемлекет төтенше жағдайда елдің кәсіпкерлеріне жеңілдіктер жасауда. Салықтық ауыртпашылықтан босатып, ірі сауда орталықтары және ойын- сауық орталықтары , спорт нысандары, туризм саласындағы бизнес , қоғамдық тамақтандыру орындары мен қонайқ үйлер жыл соңына дейін мүлік салығынан босатылды. Сондай-ақ, ауыл шаурашылық саласындағы кәсібін айналдырып жүрген компаниялар да жер салығынан босады. Енді мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа қаулы дайындалып жатыр. Қаулыда бизнеске жасалып отырған тағы бір жеңілдік- жұмыскерлердің ебекақысын төлеу қорынан төленетін салықтар мен әлеуметтік аударымдардан босату қарастырлған. Онда жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары,міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылатын жарналар бар. Бұл қаулы жақын күндері күшіне енеді деп күтілуде дейді Өстеміров. Төтенше жағдай барысында кәсіпкерлер тап болып отырған проблемалар да жоқ емес.
Осы қиын сәтте жұмысы тұралап тұрған бизнес табысын жоғалтып, дағдарысқа тап болуда. Ірі сауда орындарын ұстап отырған бизнес қауымы палатаға бірқатар өтініштерін ұсыныпты.
Өздеріңізге мәлім, төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комиссияның шешімімен сәуірдің 20-нан бастап,Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бірқатар кәсіпорын санитарлық норманы қатаң сақтай отыра жұмысын жандандырады.