Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бизнестің мәселелері

c 17:48, 07/02/2020 c 432

0:00 / 0:00

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасында 2019 жылды қорытындылайтын есептік кездесу өтті. Жиын барысында кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнес субьектілерінен өткен жылы 300-ден астам шағым келіп түскенін айтады. Олардың дені жер, мемлекеттік сатып алу мен рұқсатнама алуға байланысты.

Кәсіпкерлер елімізде бизнесті қолдап, оны дамыту үшін түрлі шаралар қолға алынып жатса да, шешілмеген мәселе шаш етектен,- дейді. Бизнес субьектілері арыз-шағымын арқалап, құзырлы органға жолдап немесе мамандардан кеңес алады. Өткен жылы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына кәсіп ашқан жандардан 300-ден астам арыз шағым келіп түскен. Сала мамандары олардың дені жер телімдерін беру, мемлекеттік сатып алу заңнамасының орындалуы мен рұқсатнама сауалдарына қатысты екендігін айтады.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері, облыс әкімінің орынбасары мен бизнес субьектілері бас қосқан жиында өткен жылы атқарылған жұмыстар баяндалып, жаңа жылдағы жоспар пысықталды. 2019 жылы аймақтағы бизнесті дамыту біркелкі жұмыстар атқарылды. Кәсіпкерлікке баулитын курстар барлық он екі ауданда ұйымдастырылып, қайтарымсыз грант пен несие берілген.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары мемлекеттік қызметкерлер бизнестің дамуына кедергі келтіруді мақсат тұтпайды, керісінше, барлығы бизнестің мүддесі үшін атқарылып жатқанын айтады. Сол себепті бизнестің мүддесін қорғау деген ұғымды кәсіпкерлерді ынталандыру деген сөзбен алмастырып, жұмысты сол бағытта атқаруға шақырды.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.