Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бизнестің дамуына не кедергі?

c 08:45, 25/05/2023 c 288

0:00 / 0:00

“Өңір” депутаттық тобы “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталовпен кездесті. Жиында шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар талқыланды.

Бүгінде Қазақстанда бизнестің дамуына кедергілер көп. Себебі ел экономикасы монополизауияланған. Ал мұндай жағдайдай шағын және орта бизнестің дамымақ түгілі, жабылып қалмай жұмыс істеуі қиын дейді экономистер. Атап өтсек, бизнес үшін қымбат несие қолжетімді болмай тұр. Ал ұлттық банк базалық ставканы төмендетпей отыр. Сондықтан елдегі бизнеске ұзақ мерзімді,арзан несие арман болып отыр.

Райымбек Баталов “Атамекен”ҰКП Төралқа төрағасы “Өкінішке орай Қаржылай көмек алу кезінде қолдары жеткендер алды да, нәтижесінде бәсекеге қабілетті салаға қол жеткізе алмадық. Себебі қаржылық институттың тізімін қарасаңыз қаржылай қолдау алғандар тізімі өте қысқа”

Ал АҚШ пен Еуропада шағын және орта бизнес экономиканың негізін қалаушы болып табылады. Ол елдерде бизнес жалпы ішкі өнімнің 70пайызын құрап отыр. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 30 пайызға жетпейді. Экономистердің пікірінше, тәуелсіздік алған жылдар бойы бизнесті қолдау, дамыту мәселесі тек сөз жүзінде ғана айтылып келеді. Нақты іс жоқ. Керісінше жағдай ушығып тұр. Салдарынан отандық өнім шығару төмен, импортқа тәуелділіктен арыла алмай жатырмыз. Әлеуметтік-кәсіпкерлік копорациялардың да атқарып жатқан ісі импортқа байланған дейді Баталов мырза.

Райымбек Баталов “Атамекен” ҰКП Төралқа төрағасы “ Әлеуметтік-кәсіпкерлік копорацияда да жағдай сол.Сиырлар шетелден әкелінген,жабдықтың бәрі импортпен келген. Бір сөзбен айтқанда біз бәрін мұнайға сатып алып отырмыз”.

Баталов мырза мойындағандай біз үкімет уәде еткендей жақын арада импортпен келетін тауарға тәуелділіктен арыла алмайтын сияқтымыз. Отандық өнімді шығарушылардың қолы қысқа болғасын тұралап тұр. Басты проблема тұтынушылардың сатып алу төмендеді. Қазақстанда жұмысбастылардың өзі кедейшіліктің кебін киіп отыр. Қазақстанда қымбатшылық қысып, кредитке батқандар саны артқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.