Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БИЗНЕС МОРАТОРИЙДІ АЛЫП ТАСТАУҒА ҚАРСЫ»

c 10:11, 09/09/2021 c 655

0:00 / 0:00

Ел кәсіпкерлері микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастауға қарсы. Бұл жайында Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Үкіметке жолдаған сауалында мәселе көтерді. Өздеріңізге мәлім, жақында өткен Үкіметтің отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастауды ұсынған еді. Осылайша министр бюджетке түсетін кіріс көлемін арттырамыз дегенді. Алайда, министрдің бұл ұсынысы бизнес қауымдастығының наразылығын тудырып отыр.

Шағын бизнес онсыз да карантиндік шектеулерден зардап шегіп отырғанда, енді оларды тескеруге енгізілген уақытша мораторийді алып тастау негізсіз дейді депутат Азат Перуашев. Осылайша мәжілісмен қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың мораторийді алып тастау туралы ұсынысына қарсылық білдірді. Ол «шенеуніктер басқа әлемде жүргендей, пандемия салдарынан шағын және орта бизнестің қирап жатқанын көрмейді. Кәсіпкерлер карантин шектеулерінен өлместің күнін кешуде»- дейді.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Мораторийді алып тастауға болмайды. Бұл кәсіпкерлердің талабы. Екі жыл бойы карантиндік шектеулерден көз ашпаған ел бизнесі тұралап қалды. Мыңдаған шағын бизнес жабылып қалды. Дүниежүзілік Банктің мәліметі бойынша, кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқан қазақстандықтардың саны 1,5 млн адамға жетті. Оның едәуір бөлігі-  банкрот болған кәсікерлер мен олардың қызметкерлері »

Мемлекеттік  кіріс комитетінің басшылығы болса, жаппай тексеріс жүргізілмейді деп ақталды.

ЖАЙДАР ІҢКӘРБАЕВ – ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Жаппай тексеру жүргізгелі отырған жоқпыз. Мұны барынша қашықтан, сараптамалық деректерді пайдалану арқылы жүргізуге тырысамыз. Айталық, электронды шот-фактура жүйеміз нақты жеке кәсіпкерлікке қанша тауар жөнелтілгенін қадағалауға мүмкіндік береді. Егер, онда ай сайын, күн сайын үлкен сомаға тауар жөнелтілсе, онда біз мұны электронды шот-фактурадан көріп отырамыз. Бұған қоса, ол ешқандай кірісін көрсетпесе, онда жүйеміз тәуекелді, яғни, аталған жеке кәсіпкерліктің салық заңнамасын бұзуы мүмкін екендігін көрсетеді»

Дегенмен, ақжолдықтар үкіметтен шағын бизнесті жайына қалдыруды талап етті. «Шағын және орта бизнес-олигарх емес, жемқор да емес»- деп, ашуланды партия серкесі. Депутат мемлекетке қол жаймай, шамалы кәсібін айналдырып, жұмыс орнын құрап отырғандарды емес, миллиардтарды офшорға шығарып жатқандарды бақылауға алуды ұсынды.  Перуашев сауалының соңында Үкіметті  қаржы министрі Жамаубаевтың ұсынысын жоққа шығарып, кәсіпкерлерді қолдауға шақырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.