Орал қалалық білім беру бөлімінің бастамасымен еріктілер жылы аясында мектеп мұғалімдері өз қалауларымен тұрғындарға бетперде тігіп тегін таратуда. Бұл игі іс ел аумағында қолға алынған «біз біргеміз» акциясы аясында қолға алыныпты. Мәселен, күні кеше 500 медициналық маска әлеуметтің осал тобы санатындағыларға тегін таратылып берілсе, бүгін 1500 қорғаныш құралы халықпен өте тығыз үнемі байланыста болатын қоғамдық көлік контролерлеріне және сауда үйінің қызметкерлеріне, сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне тегін таратылды. Осылайша оралдық мұғалімдер мен еріктілер уақытша белең алып отырған ғаламдық індеттен жұмылып әрекет ету арқылы қорғануға, арылуға болатынын дәлелдеуге тырысты. Біз біргеміз!