0:00 / 0:00
Биыл еліміздегі мұнай-газ компаниялары айтралықтай ірі жобалар ұсынбайды. Бұл жайында KazService президиумының төрағасы – Рашид Жақсылықов онлайн брифинг барысында айтты. Мұнай саласында сервистік қызмет көрсетіп жүрген компаниялар пандемияның салдарынан табысын жоғалтты. Ал елед ақуіптің індеттің таралуы ләі де болса белең алып отырғандықтар, мұнай өңдеуші компаниялар ірі жобаларды енгізе алмай отыр.
Қазақстанның мұнай өндіру саласы ел экономикасының локомотиві болып табылады. Бүгінде 2000-нан астам компания осы салада жұмыс істейді. Мұнай саласында 270 000-нан астам адам қызмет етеді. Мамандардың айтуынша, мұнай өндіру секторын сатып алу құны жыл сайын 10 миллиард доллардан асады, оның жартысы ғана отандық бизнестің үлесіне тиеді.
Қазақстанның KazService мұнай-сервистік компаниялар одағына 150-ден астам ірі және орта мұнай-сервистік компаниялар кіреді. Елдегі эпидемиологиялық ахуал мердігерлердің алаңдаңдатып отыр. Себебі, кеншілер арасында індет жұқтырғандар саны артуда. Бұл жағдай мұнай-газ компанияларына ірі жобаларды енгізуге кедергі келтіруде.
Өткен жылдың желтоқсанында Теңіз кенішінде барлығы 4,5 мыңнан аса жұмысшы вирус жұқтырды. Одақ өкілдерінің айтуынша, мердігерлердің көбі вакцина егу процесіне жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгініп жатыр. Ең алдымен кен орындарының вахталық жұмысшыларына вакцина егуді сұрайды. Бұл кен орындарының экономикасы үшін маңызды. Егер кеніштердің бірінде жұмыс тоқтап қалса, нарыққа кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Сол себепті мұанйшылар премьер-министр Асқар Маминге жұмысшыларды тез арада вакцинациялау туралы сауал жолдады. Ковидке қарсы екпені Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жұмысшыларынан бастау керек дейді олар.