Биыл 4-ші тоқсанда мектеп оқушылары қашықтан білім алуға көшкендіктен "Алтын белгі" иегерлерін анықтауға арналған қорытынды аттестация ұйымдастырылмайтын болды. Мектеп оқушыларының марапаты қорытынды бағамен беріледі. БҚО-да 371 мектеп түлегі осы алтын белгіге үміткер болып отыр. Сала мамандары биыл мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кеші маусымның 3-4-і күні ұйымдастырылуы мүмкін,- дейді. Шаралардың баршасы мектеп ауласында өтеді деп жоспарланып отыр.