0:00 / 0:00
Оралда 17 жасар бозбал іс-түссіз жоғалып кетті. Кәмелет жасына толмаған баланың туған туыстары бозбала кеше түскі үштер шамасында достарымен бірге Жайыққа суға түсуге барды дейді. Алайда, биыл ғана мектепті аяқтаған бозбала үйіне қайтіп оралмапты. Бозбаланың туыстары Нұрсұлтан жайлы қандай да бір ақпарат анықталса,
8-747-884-0-21 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.
Оралда 17 жасар бала із түссіз жоғалып кетті. Іс түссіз жоғалған Нұрсұлтан Серіков кеше жергілікті үштер шамасында «Ақ тау» шағын ауданында Жайық өзеніне суға түсуге барған. Содан кейін жасөспірімді тірі жан көрмеген. Кәмелет жасына толмаған жасөспіріммен бірге суға түсуге барған достары мен бөлесі оның суға батып кеткендігін бозбаланың ата-анасына айтыпты деген ақпарат бар. Бұдан басқа ол туралы тірі жан ештене білмейді. Нұрсұлтан Серіковтың ата-анасы мен туған -туыстары баласы туралы кімде кім қандай да бір ақпарат білсе, олармен хабарласуды сұрайды.
Мектепті биыл ғана аяқтап, оқуға түскен Нұрсұлтан Серіковты кешеден бері ата-анасы мен туған -туыстары дамыл таппай іздестіріп жатыр. Кеше үштер шамасында үйінен достарымен бірге суға түсуге барған бозбала сол күйі үйге оралмапты.
Бауыры үшін алаңдап отырған Жазира Қалиеваның сөзінше, бозбала суға кеткен тұста жағалауда болған бір азамат оны құтқаруға талпыныпты. Алайда, құтқарқысы келген адамның қолы құрысып, суға кеткен жанды құтқара алмаған. Ал, төтеншеліктер болса жоғалған бозбаланы іздестіріп жатырмыз,- дейді.
Жоғалған азаматтың туыстары Нұрсұлтанды бас сүйегіндегі тыртықтан тануға болады,- дейді. 17 жасар жасөспірімнің ата-анасы мен туған туыстары бозбала туралы кімде-кім қандай да бір ақпаратты білсе, 8-747-884-08-21 телефонына қоңырау шалуды сұрайды.