0:00 / 0:00
Бұл жөнінде Қазгидромет мамандары мәлімдеді. Соған қарамастан табиғаттың тосын қылығына дайын болу керексіздер деді әкімдікте өткен жиында аймақ басшысы Алтай Көлгінов. Облыстың төтенше және кезек күттірмейтін резервінде 1,3 млрд. теңге қарастырылған. Түрлі сала мамандарымен кездесіп, көктемгі су тасқынына қарсы және өзге қауіпсіздіктердің алдын алу жұмыстарын күшейту туралы тапсырма берген облыс әкімі берілген тапсырмаларды орындамаған аудан басшыларына шара қолдану туралы хаттама толтырғызды.
Трансшекаралық Жайық, Шаған, Үлкен және Кіші өзендерге су ресурстарының 80 пайызы РФ-нан құйылады. Сол себепті көктемгі судың келуі көрші ел мамандарының есебінен соң белгілі болады. Синоптиктер наурыз айының 3-ші жартысында облыста сынап бағанасы нөлден жоғары болады деп болжап отыр.
Су тасқыны жағдайында тартылатын күштер мен құралдарының есебі: 2794 жеке құрамды, 725 техника бірлігін, 88 бірлік жүзу құралын құрайды. Күштер мен құралдардың дайындығы «Көктем-2018» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу барысында тексеріледі.
«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес облыс аумағындағы күзгі ылғал мен қардың қоры 30-80 % тиісті мөлшерден төмен. Алдын ала мәліметтерге сәйкес Саратов облысы Қара Өзен өзеніндегі су деңгейі Новоузенск қаласы гидробекетінде тиісті мөлшерден 70%-ға төмен, Сары өзен мен Кіші Өзен ауылы гидробекетінде тиісті мөлшерден 26%-ға төмен боады деп күтілуде. Жайық өзені бойынша болжам наурыз айында құралады.
Облыстың төтенше және кезек күттірмейтін резервінде 1, 3 млрд. теңге қарастырылған. Материалдық ресурс жинақталуда, соның ішінде 165 тонна жанар-жағармай, 83,4 мың қапшық қоры, 12,4 мың тонна инертті материал дайындалған. Селекторлық режимде өткен жиында облыс әкімі берілген тапсырмаларды орындамаған аудан басшыларына шара қолдану туралы хаттама толтырылатынын мәлімдеді.