Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл БҚО-да 92 шақырым авто көлік жолы жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа 6 млрд. теңге бағытталмақ

c 00:00, 20/03/2015 c 723

0:00 / 0:00

Мамандардың мәлімдеуінше, өткен жылдары сапасыз жөнделген жолдар мердігерлер есебінен қалыпқа келтіріледі. Бүгін әкімдікте өткен баспасөз конференциясында коммуналдықтар ағымдағы жылға арналған біраз жоспарымен бөлісті. Биыл БҚО-да аудан орталығымен байланыстыратын жолдардың құрылысы қарқынды жүргізілгелі отыр. Бүгінге дейін 4 ауданға қатынайтын жолдың жағдайы көңіл көншітпей келгені аян. Былтыр Қаратөбе мен Шыңғырлау аудандарынының жолы қара жамылғымен қапталса, биыл Жаңақала ауданына бастар авто көлік жолы қалыпқа келтіріледі. Орал қаласында жалпы ұзындығы 580 шақырымды құрайтын 583 көше бар. Оның 51% әлі күнге асфальталмаған. Шаһар басшысының орынбасары Ғалым Орынғалиевтің айтуынша, биыл 3,5 млрд теңгеге 36 шақырым жол жөнделеді. Соның ішінде бірінші кезекте Достық даңғылы, Ихсанов көшесінің жолын жаңғыртып, Алматы, Шубин, Чкалов, Байтұрсынов, Казталовская, Некрасов, Лермонтов, Есқалиев көшелерінде былтыр басталған жөндеудің 2- кезеңі аяқталуы тиіс. Сондай-ақ Шаған мен Жайық өзені арқылы өтетін көпірлер мен әуежайға Деркөлге қатынайтын жолдар да жоспарда тұр. Сондықтан алдағы уақытта Деркөл бағытындағы көпір осы жұмыстарға байланысты уақытша жабылуы ықтимал. Сонымен БҚО-да биылға авто көлік жолдарын жөндеуге 6 млрд. теңге бағытталмақ. Алдағы мәслихат сессияларында оның сомасын арттыру жайы да күтілуде. Баспасөз брифингі барысында тізгінінде қалалық мәслихаттың депутаты Аветик Амерханян отырған жол құрылысымен айналысушы мердігер кәсіпорын "Айдана" ЖШС-нің мемлекеттік тапсырыстардан шеттетілгені мәлім болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.