Республикалық маңызға ие тас жолдың 206-шы шақырымынан 297 шақырымға дейінгі бөлігіне 1 млрд теңге бөлінсе, 302-ші шақырымнан 311-ші шақырымға дейінгі аймаққа 300 млн.теңге қарастырылған. Яғни бір жылда 100 шақырым жол қалыпқа келтірілетін болады. "Қазавтожол" ҰК АҚ осындай мәлімдеме жасап отыр.