0:00 / 0:00
Биыл Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 9 көппәтерлі тұрғын үй салынады. Бұл туралы бүгін өңірлік комуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте мәлім етілді.БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев мәлім еткендей, мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы қалада салынатын 9 көп пәтерлі тұрғын үйде 1126 пәтер болмақ. Соның ішінде екі үй жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғанда үшін салынауда. Олар Зашаған кентідегі №48 дақта және Ақсай қаласындағы қарашығанақ шағынауданындағы №38-дақта салынуда. 7 көппәтерлі тұрғын үй «Отбасы банк» АҚ салымшылары үшін. Оған қоса осы бағдарлама шеңберінде 32 инженерлік -коммуникациялық инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу көзделген.Айта кеткен жөн, еліміз бойынша биыл 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Мемлекеттік инвестиция есебінен кезекте тұрған 31,3 мың адамға қолдау көрсетілмек. 22,5 мың (1,3 миллион шаршы метр) әлеуметтік баспана салынып, сатыққа қойылады және кезекте тұрғандарға 8,8 мың жеңілдетілген қарыз беріледі.