Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл 745 адамға мемлекеттік тілді меңгерту жоспарланып отыр

c 17:39, 25/03/2022 c 505

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысы халқының 92,5 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген. Бұл туралы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Ғалиев мәлімдеді. Биыл қазақ тілін білетін жандардың санын 93 пайызға көбейту жоспарланып отыр. 745 адамға мемлекеттік тілді меңгерту үшін арнайы тіл курстары ұйымдастырылмақ. Кез-келген Қазақстан Республикасының кәмелет жасына толған азаматы осы курстарда тегін білім алмақ. Сабақ 3 айға жалғасады. Тілдік курстарды ұйымдастыру үшін бюджеттен 21 млн теңгедей қаражат қарастырылып отыр. Бұл қомақты қаржының ішінде тендер ұтып алған компанияның мұғалімдеріне төленетін жалақы да есептелген. Сала мамандары мемлекеттік тілді меңгергім келеді деген жандардың көбі орта жаста екенін айтады. Тілдік курсттардан бөлек қазақ тілін үйренем деген жандарға түрлі сайттар мен қосымшалар жасақталған. Бұдан бөлек, онлайн сабақ ұйымдастыру да жоспарлануда.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.