Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл 4 спорт алаңы жөнделеді

c 18:13, 15/07 c 43

0:00 / 0:00

Орал қаласында 49 спорт алаңы бар. Шаһар тұрғындары олардың жағдайын жиі сынға алады. Өткен жылы спорт алаңында ойнап жүрген бала қаза тапты. Қайғылы жайттан мамандар қандай сабақ алды?

Балалардың спортқа әуес болып, физиологиялық тұрғыда дұрыс дамуы үшін аулаларда арнайы спорт алаңдары орнатылған. Қазіргі таңда олардың саны 49. Осы алаңдарға "Орал" спорт клубы жауапты.

Өткен жылы спорт алаңында ойнап жүрген бала қаза тапты. Бұл жайт оралдықтардың қабырғасын қайыстырды. Мамандар қайғылы жағдайдан кейін қақпалардың жағдайын мықтап назарға алыпты.

Тұрғындар алаңдардың жағдайын сынға алады. Биыл тозығы жеткен 4 спорт алаңын жөндеу көрмек. Бұл жұмыстар үшін бюджеттен 15 млн теңгедей қаржы бөлінген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.