0:00 / 0:00
"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде "Бірыңғай электрондық еңбек шарттарын есептеу жүйесі" іске қосылмақ. Мұндай ақпарды Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы мәлім етті. Жаңашылдық аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен еңбек шарттарының бірыңғай қоймасын қалыптастыруда интеграциялық сервистер әзірленуде. Бүгінгі күні облыс бойынша enbek.kz порталындағы "Комек" бөлімінде 700-ге жетер-жетпес кәсіпорынның 1200-ге электрондық еңбек шарты енгізілген. Бастама 1138 кәсіпорынды қамтып, 45 520 электрондық еңбек шартын жинақтауды көздеп отыр.