0:00 / 0:00
Сот экс-министр Елжан Біртановты үй қамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім шығарды. Елордада өткен сот отырысында бұрынғы денсаулық сақтау министрінің адвокаттары Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін созбау туралы сотқа өтініш білдірді. Бұл мерзім 14 шілде яғни бүгін аяқталуы тиістін. Алайда сот прокурордың өтінішін қағанаттандырып, Біртанов қыркүйектің 14-не дейін үйқамақта отыратын болды.
Бұған дейін экс-министр Елжан Біртанов 4 млн доллар көлеміндегі қазына қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған болатын.Сондай-ақ, Біртановқа қатысты "қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану")бойынша да іс қозғалғанды. Прокуратура Біртанов Тараздан Нұр-Сұлтанға дейін жету үшін санитарлық авиация ұшағын заңсыз қолдану арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп отыр.Алайда адвокаттар ауру жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, сол кезде ковидпен ауырып қалған Біртанов Тараздан Нұр-Сұлтанға премьер-министр және үкімет мүшелерімен бірге бір ұшақпен қайта алмағанын айтты. Үкімет мүшесі бола тұра ол Нұр-Сұлтандағы тұрақты жұмыс орнына, тіркелген медицина мекемесіне қайтуы керек еді. Сондықтан Біртановты Тараздан Нұр-Сұлтанға санавиация көлігімен жеткізу елде қалыптасқан төтенше жағдай кезіндегі мәжбүрлі шара болды деп отыр қорғаушылары.
Не керек Біртанов өзіне тағылған айыптарды мойындап отырған жоқ.
Алайда, жақында экс-министрге қатысты айыптаулар дәлелденбеген соң, айыбы өзгерді. Енді Біртановқа лауазымын асыра пайдаланды деген жеңілерік айып тағылып отыр.
ЕЛЖАН БІРТАНОВ –СОТТАЛУШЫ «Бұрын мені қазына қаржысын жымқырды, қызметті өкілеттілігін асыра пайдаланды деп айыптады. Енді ол лауазымын асыра пайдаланыд деген айыптауға ауысты. Бұл жерде жаза басқаша болуы керек. Маған осы түсініксіз».
Бұрынғы денсаулық сақтау министрінің адвокаттары Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін созбау туралы сотқа өтініш білдірді. Бұл мерзім 14 шілде яғни бүгін аяқталуы тиістін. Алайда сот прокурордың өтінішін қағанаттандырып, Біртанов қыркүйектің 14-не дейін үйқамақта отыратын болды.
АЛМАТ БАБАТОВ - СУДЬЯ «Сот күдікті Елжан Амантайұлы Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін қылмыстық істің материалымен танысу кезеңінде 2 айға, яғни 2021 жылдың 14 қыркүйегі, сағат 21.56-ға дейін ұзарту туралы ұсынымды мақұлдау туралы шешім қабылдады. Үйқамақта ұстау шартын өзгерту бөлігінде, нақты айтсақ, баспанадан шығуға, телефонмен сөйлесуге, отбасы мүшелерінен басқа адамдардың бәрімен араласуға толықтай тыйым салу, күдіктінің сыртынан бақылау қою туралы ұсынымнан бас тартылды»
Сот шешімен келіспеген Біртановтың қорғаушылары үш тәулік ішінде аппеляцияға бере алатын болады.