0:00 / 0:00
Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Есмұқанқызы Исатаева Инватакси қызметін дұрыс ұйымдастырмаған және көлік талапқа сай болмаған. Осы олқылық үшін әдеп жөніндегі кеңес қызметіне толық сай емес деген жаза тағайындады. Казталов ауданы Бостандық ауылының әкімі көлікті құжатсыз айдағаны үшін қызметіне толық сай емес деп танылды.
Аудандық прокуратура өкілінің айтуынша Сырымда 30 мүкіндігі шектеулі азамат болса оның 9-ы осы қызметті пайдаланады. Бірақ инватакси қызметін көрсетуші компания бұл тұлғаларды қажетті әлеуметтік нысанға жеткізуде көлікке көтеріп отырғызып, арбаларын бөлек көліктің артқы бөлігіне салып тасымалдаған. Бұл заңға қайшы. Арнайы жарақтандырылған тасымалдау көлігі болуы тиіс. Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Есмұқанқызының айтуынша быилығы жылы бұл олқылық толықтай қылыпқа келтіріледі. Оған Әдеп жөніндегі кеңес қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде жауапкершілікке тарту керек деп шешті.
Ал Казталов ауданы Бостандық ауылының әкімі, жүргізушілік куәлігінен айрыла тұра тағы да рөлге отырған. Ал өзінің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі қызының талмасы ұстап, қалаға тез жеткізуге тырысыпты. Сол кезде сақшылар жолдан тоқтатып, хаттама толтырған екен. Сыйақысынан қағылған ол енді тағы осындай бір сөгіс алса, жұмысынан қуылады.
Соңғы екі жылда облыста 13 мемлекеттік қызметшінің мас күйінде көлік жүргізгені анықталыпты.Оған қоса Бәйтерек ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Александр Сергеевич Полежаевқа қатысты тәртіптік іс материалы қаралды. Ол қоғамдық орынды ластаған.Темекі шегіп тұқылын тастаған. Оған да ескерту берілді.Өкінішке орай ол бұл отырсқа қатыспады.