Келе жатқан 1-ші мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қабырғасында "Қазақстан халқы бірлігі- қоғамның тұрақты дамуының негізі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиын барысында татулық, бірлік, этностаралық достық турасында ой-пікірлер ортаға салынды. Дөңгелек үстелге өңірімізде өмір сүріп жатқан ұлт өкілдері, педагогтар мен студент жастар қатысты.