0:00 / 0:00
Ақпанда толассыз жауған жаңбыр тұрығындарды әбден әбігерге салды. Оралда бірқатар шағын ауданға су беру тоқтатылып, сарқынды сулар мөлшері деңгейінен бірнеше есе жоғарылағаны белгілі болды. Салдарынан кешелі-бүгін Зашағандықтар суды арнайы кесте бойынша тұтынуда.Оралға көктем ерте келді ме? Бірнеше күннен бері толассыз жауған жауын тұрғындардың тыныштығын алды. Онсыз да қызметі тынымсыз коммуналдық мекемелер күні-түні еріген қар суына қоса, жаңбыр суын да сорып әлек. Бір күнде 610 текше метр куб қар суы қала сыртына төгілген. Кешелі-бүгін қардың күрт еруінен Зашаған кентіндегі өздігінен ағатын кәріз коллекторындағы сарқынды сулар деңгейі көтеріліпті. Қысымның күрт артуынан «Батыс су арнасы» ЖШС ауыз суды уақытша тоқтатуға мәжбүр болған.Ал синоптиктер болса көктемге әлі ерте дейді. 5 ақпан күні түннен бастап күн райының суытатынын мәлімдеді. Бір апта жаңбырдың соңы қарға ұласатыны туралы да болжам бар. Коммуналдық мекемелер қосымша қар тазалауға қажетті техникаларды ұйымдастырдық деп отыр.