Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бірігіп адам өлтірген

c 16:36, 22/01/2020 c 549

0:00 / 0:00

Бүгін БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өгей әкесінің өліміне себепші болған Ирина Лапина мен оның досы НұрханМақсотты бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.Бұл қанды оқиға 2019 жылдың тамыз айында болған. Тамыздың 12-сі күні түнгі сағат 12.00 шамасында қала маңындағы Бәйтерек ауданына қарасты Үлкен Шаған ауылында жүрген сотталушылар Ирина Лапина мен досы Нұрхан Мақсотқа жасөспірім қыздың анасы Вероника Лапина телефон шалып, өзімен бірге тұратын Е.Есқалиев екеуінің арасында жанжал туындағанын хабарлайды. Өгей әкесінің анасын төрт жасар сіңлісімен бірге далаға шығарып жібергенін естіп ызаға булыққан жасөспірім қыз досы Н.Мақсот екеуі Коминтерндегі жалдамалы үйлеріне жетеді. И.Лапина анасына зәбір көрсеткен өгей әкесімен жанжалдасып, соққы да сілтеп жібереді. Осы сәтте досына көмектеспек болған Н.Мақсот сөмкесінде жүрген қол орақты алып шығып, оның жүзімен жәбірленуші Есқалиевтің оң иығынан ұрып қалады. Денесіне тиген соққылардан Есқалиев жарақат алады. Осыдан кейін И.Лапина мен Н.Мақсот қыздың анасы мен сіңлісін сол елді мекендегі таныстарының үйіне апарып тастап, екеуі түнгі сағат 3.00 шамасында оқиға орнына қайтып келеді де, анасынан кешірім сұрауын талап етеді. Мұның соңы ұрыс-керіске ұласып, ашуға булыққан екеу жәбірленушіні әбден соққыға жығады. Қолорақпен, табамен, шәйнекпен, асүй балтасымен басына, денесіне бірнеше мәрте тиген ауыр соққыдан 40 жастағы Е.Есқалиев сол жерде жан тапсырады. Олар ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, 7-тармағымен, яғни топтасып қасақана адам өлтіру белгілерімен кінәлі деп танылды.Тергеп-тексеру кезінде кешкі мектептің 10-сыныбында оқитын И.Лапина мен оның еш жерде жұмыс жасамайтын досы Н.Мақсоттың кінәлары толық дәлелденген.Сотталған жігіт өз жазасын – қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде, ал оқушы қыз кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енбегендіктен, оған заңда көзделген тәртіппен шағым жасалған жағдайда сот шешімінің заңдылығы жоғары тұрған соттармен тексерілуі мүмкін, – деді судья Шара Зайнуллина.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.