0:00 / 0:00
БҚО Ақжайық ауданыны "Жанама" ауылында кеше жоғалып кеткен бір отбасының 2 және 5 жастағы балаларының екeуі де «Карасу» өзенінен табылды. Ата - анасы абайсызда көз жазып қалған сәбилер соңғы рет үй ауласында ойнап жүрген. Періштелердің бірінің денесі күндізгі уақыт 11:00-де, ал екіншісінің денесі 3:50-де судан шығарылды. Алдымен балдырғандардың ата-аналары өз күштерімен жоғалып кеткен ұлдарды кешке дейін іздейді. Ақыры еш нәтиже болмаған соң құзырлы орган өкілдерінің қызметіне жүгінеді.
Аталған ақпарат тараған соң, полицейлер мен құтқарушылардан бөлек еріктілерден құралған 200-дің үстіндегі адам балаларды топ- топқа бөлініп іздеуге кіріседі. Өкінішке орай бүгін күндізгі сағат 11-де өзен жағалауынан 3 метер қашық жерден 2014 жылғы ер баланың денесі судан шығарылды. Сала мамандары екі жастағы сәбидің де суға құлап кетуі мүмкін деген болжамды жасармады. "Жанама" ауылы Ақжайық ауданынан 30 шақырым жерде орын тепкен. Ал отбасында бақилық болған қос сәбиден өзге бала жоқ көрінеді.