0:00 / 0:00
Бұрынғы «Омега» зауытының аумағындағы жасыл желектер санаулы күннің ішінде тып-типыл болған. Тұрғындар болса бұл мәселеге алаңдаулы. Түсірілім тобымыз аталған жағдайдың анық-қанығын білмек болуға ниет танытып, осы салаға жауап беретін сала мамандарынан жауап алуға тырысты.Есенжанов көшесі бойындағы талдардың бүгінде діңгектері ғана қалған. Бірнеше жылдан бері қалалықтарға суықта сая, ыстықта көлеңке, шаһар келбетіне сұлулық берген жасыл желектерді кесуге не түрткі болды? Аталған сауалды сала мамандарына жолдаған едік. Анықталғандай, аталмыш аудандағы тал-теректі кесуге Трансформатор зауытының өтініші себеп болыпты.«Бір тал кессең, он тал ек» деген бабалар тәмсіліне сәйкес, оған қоса қаланы абаттандыру қағидалары бойынша аталмыш зауыт ұжымы кесілген ағаштардың орнын толтырулары тиіс. Яғни қалалықтар үшін су жаңа тынымбақ салуы қажет. Айта кеткен жөн, рұқсатсыз желкендерді кескендер заң аясында жазаға тартылатын болады.