0:00 / 0:00
Оралда жоғары сұрыпты нан 190 теңгеге қымбаттады. Дүкеншілер бүгіннен бастап 20 теңгеге өскен ас атасы бағасының тағы бұлай шарықтауының себебін түсіндіре алмады. Ал шенеуніктер не дейді?Аймақтағы ас атасының қымбаттау себебін ауыл шаруашылығы басқармасы түсіндіріп бере алмады. Ал сатушылар ұннан жасалатын тағамдардың бағасы да 30-40 теңгеге күрт көтерілгенін айтады. Наубайшылар нан бағасының өсуін ұнның қымбаттауымен байланыстырады. Өңірдегі басшылар «Бірінші сұрыптағы нан бір жылдан астам уақыттан бері облыс бойынша 90 теңгеден сатылуда, бұл республика бойынша ең төменгі баға» деп қайталайтынын жиі естиміз. Бұл жолы да тап осындай жауап естідік.
Сатушылардың айтуынша, бірінші сұрыпты 90 теңгенің наны үзіліспен немесе аз көлемде жеткізіледі екен. Нан бағасы - әлеуметтің тұрмыстық көңіл күйіне бірден әсер ететін өте өзекті фактор. Сондықтан бұл бағытта жергілікті атқарушы билік тиімді де, ұтымды шаралар белгілейді деген ойдамыз.