Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Білімділер шетел асып жатыр

c 09:35, 29/04/2021 c 776

0:00 / 0:00

Білімді мамандар Қазақстанды тастап, шетел асып жатыр. Мәжіліс депутаты Александр Милютин елімізден жоғары білікті мамандардың кетіп жатқанына алаңдаушылық білдірді.  Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында, кәсіби мамандар мен жастардың шетелге көш бұруы үлкен проблема екенін айтты. 2019 жылы эмигранттардың жалпы статистикасында жоғары білікті мамандардың үлесі 50,6%-ды құраса. Былтыр  пандемия мен шектеулерге қарамастан, бұл көрсеткіш 54,3%-ға жетті. Осылайша  Қазақстаннан кеткен медицина қызметкерлерінің саны үш есе көп, педагогтардың үлесі 4 есе көп, техникалық мамандардың үлесі бес есе көп болып отыр.

Өткен жылдың үш айында Қазақстаннан 11 мың  білікті маман көшіп кеткен. Ал жастарымыз шетелде білім алуға  құмар. Қазақстандықтардың жаппай көшуіне елдегі өмір сүру, білім беру сапасының төмендігі әсер етуде дейді депутат Милютин.

Александр Милютин – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Қазақстаннан кеткен медицина қызметкерлерінің саны үш есе көп, педагогтардың үлесі 4 есе көп, техникалық мамандардың үлесі бес есе көп болып отыр. Жастардың елден жаппай  кетуі үлкен проблемаға айналды. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек,  адами капиталдың төмендеуі, қазақстандықтардың өмір сүру сапасының төмендігі, ертеңгі күнге деген сенімділіктің жоқтығы және елде білім сапасының сын көтермеуі себеп болып отыр».

Он мыңдаған жас Қазақстаннан кетіп, шетелде оқығанды жөн деп тапты. Әсіресе көрші Ресейге оқуға түскендер көп. Шетелде оқып жатқан студенттерінің 60%-ы Ресейде білім алуда. Тіпті, сонда тұрақтап қалып жатыр. Депутаттың айтуынша,  шетелде оқитындардың арасында сол жерде қалуға ниет білдіретіндердің дені – этникалық қазақтар. Ал Қазақстанда жоғарығ білім алған жастар  жұмысқа тұра алмайды. Тіпті мемлекеттің қаражатына оқып келген «Болашақ» түлектерінің өзі жұмыс таба алмай, сандалып жүр.

Александр Милютин – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Еңбек нарығы нашар бақыланады, соның салдарынан «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған түлектер де мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмайды.Сондай-ақ ипотека, жас отбасыларға арналған балалар оқу орындары қол жетімсіз, сондай-ақ Ресейдегідей ана капиталы да жоқ»

Қазақстаннан көшіп жатқандардың әрбір екеншісінің жоғары білім бар. Бұл елдегі еңбек нарығында тапшы болып отырған мамандар. Қазына қаржысына оқытып, тоқытып алып, жұмыспен қамти алмауда. Ерлан Орақбаев ағылшын тілін жетік меңгерген. Қазаэронавыгация кәсіпорнында қызмет еткен Корея мен латвия елдерінде айти технологияны меңгерген. Жұбайы да жоғары білікті маман. Алайда, елдегі өмір сұру сапасының төмендігінен отбасымен шетелге көшуге бел буған. Оның айтуынша,  бүкіл Қазақстанда Қазаэронавигацияға қажетті мұндай 8 маман ғана бар.

Ерлан Орақбаев –қала тұрғыны «Иә, мен шетелег кеткім келеді. Мемлеекттік қызметтте жұмысқа кіргендер жүйемен жүруі керек. Мен Канадаға кетсем бе отырмын. Онда достарып жүмыс істейді. Болашаққа сенім бар. Ал бізде армандарыңа қол жеткізу қиын, еңбекақы өте төмен».

Үкіметтен депутаттар еліміздің жоғары оқу орындарының білім сапасын көтеруді,  жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыруды, олардың білімін ел экономикасында тиімді пайдалануға байланысты проблемаларды шешуді сұрады. Сондай-ақ,  шетелде оқитын жастардың Қазақстанға оралуына жағдай жасауды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.