Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мұғалімдер қағазбастылықтан арылады

c 11:24, 05/04/2018 c 1531

0:00 / 0:00

Өңіріміздің бас педагогы білім саласында атқарып жатқан жұмыстарды тізді. Биылғы жылы үш ауысымды және апаттылықты жою мақсатында Орал қаласында 1500 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. Қазіргі таңда, облыс көлемінде 7 білім беру обьектісінің құрылысы жүріп жатыр.

БҚО да 2016 жылы барлық бірінші сыныптың оқушылары жаңа жүйемен оқыса, 2017 жылдан бастап 2,5,7 сыныптардың оқушылары жаңартылған білім беру мазмұнына көшті. Келер 2018-2019 оқу жылдарында 3,6,8 сыныптың оқушылары жаңа технология бойынша білім алмақ. Бұл оқушыларға жаңа форматта дәріс беретін мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін қолға алынған. Биылғы жылы облыс әкімдігімен "Назарбаев зияткерлік" мектептері арасында ортақ меморандумға қол қойды. Білім саласындағы өзгерістерді жіпке тізген өңіріміздің бас педагогы мұғалімдерді қағазбастылықтан арылту үшін бірқатар жұмыстарды қолға алдық,- дейді. Енді, барлық ұстаз мектепте тек қана 5 құжат толтыратын көрінеді.

Биылғы жылы ұлттық біріңғай тестілеудің форматы өзгеріске ұшырамапты. Барлық талапкерлер тестке қатысу үшін оныншы наурыз бен оныншы мамыр аралығында өтініштерін тапсыра алатын мүмкіндікке ие.

Сондай-ақ, "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының аясында өңірімізде ІТ-лицейін ашу жоспарлануда. Оқушылар лицейге жетінші сынаптан кейін қабылданбақ. Жаңадан мектептің негізгі мақсаты- интеллектуалды дамыған, ашық, тәрбиелі адамдардың жаңа буынын қалыптастыру.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.