Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Білім саласы тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға кіріспек

c 17:35, 22/05/2018 c 1474

0:00 / 0:00

Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату - заман талабы! Қазақстанда 43 млрд. тонна тұрмыстық қалдықтың 5 пайызы ғана өңделеді екен. Ал қалғаны таудай болып қала сыртына үйіліп жатады. "Заманауи елдер тәжірибесі бойынша қатты қалдықтарды өңдеу арқылы құрылыс материалына,  шикізат көзіне айналдыруға болады",- дейді мамандар. БҚО-да ең өзекті экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін енді мектеп жасынан бастау қолға алынғалы отыр. Осы мақсатта барлық білім ордаларының басшылары қатысқан жиын болып өтті.

"Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ". Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы - бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселеге айналып отыр. Жер ананың қойнауындағы күл-қоқыс пен қажетсіз қалдықтар табиғатқа өлшеусіз залалын тигізуде.

Білім саласы мамандары арасындағы жиын табиғат аясында өткізілді. Демалыс орнында жылжымалы және қалдықтарды сұраптауға арналған контейнерлер таныстырылып, көрме көрсетілді. Көрмеге қажетсіз қатты қалдықтар, бөтелке, қағаз, темір-терсек пен резеңке, пластиктерден жасалынған бұйымдар мен кәдесыйлар қойылды. Олар мектеп оқушыларының қолынан шыққан туындылар.

"Бүгінде тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратудың үздік тәжірибелерін енгізудің қажеттілігі өткір туындап отырғаны мәлім. Ал оны жүзеге асыруды ең бірінші жас ұрпақтың санасына экологиялық мәдениетті сіңіруден бастаған абзал",- дейді БҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

Орал қаласы көшелеріне тұрмыстық қалдықтарға арналған 3000-нан астам контейнер қойылған. Оның 624-і ескі 0,75 өлшемдегі контейнерлер болса, қалғаны еуроконтейнер екен. Олардың ішінде пластик пен қағаз ғана сұрыпталып, өңдеуге беріледі екен. 700 орынның 500-іне қалдықтар сұрыпталып тасталады.

Сонымен қоршаған ортаның тазалығын сақтап, қатты қалдықтарды сұрыптау, өңдеу мәселесіне білім саласы өз үлестерін қосуға бекініп отыр. Осы мақсатта білім беру мекемелері басшыларына тапсырма берілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.