0:00 / 0:00
«Білім garden» электронды кезек жүйесінің басты мақсаты - қызмет сапасын арттырып қана қоймай, сыбайлас жемқорлықтың жолына тосқауыл қою. Жаңа жүйе арқасында ата-аналар үйде отырып балаларын бала-бақшаға орналастырғасын, білім беру бөлімі қызметкерлері ата-аналармен байланысты бір жола үзген сыңайлы. Қазір «Білім garden» сайты жұмыс істеп тұрғанмен, жолдама алуға ата-аналардың қолы жетпей отыр. Ата-аналардың арыздануынша, қазір тіпті әртүрлі әлеуметтік желілерде белгілі бір омаға сол сайттан жолдама алып беретін делдалдар көбейген. Сонда "білім гарденнің" әділдігі мен ашықтығы қай жерде?-дейді.
Аталмыш сайтқа жауапты компания өкілдері өз кезегінде бөбекжайлардағы кезек санын қадағалауға арналған жүйенің жоғалмайтындығын, халықтың арнаулы топтарына арналған жеңілдіктер сол қалпында сақталатындығын атап өтті. Ал, қалағандары бос орындарды сайт талабына сәйкес күтулеріне тура келмек.
Бұл жүйе жекеменшік бала бақшалардың өкілдеріне де тиімсіз көрінеді. Электронды сайттағы уақыт белдеуі жергілікті уақытпен сәйкеспейді. Мысалы, жолдама алу үшін ата-аналар таңмен тұрып басады. Қалалық білім беру бөлімінің мамандары сайтқа қатысты шағымдардың барын растағанымен, мәселені шешуге қауқарсыз.
Қысқасы жұртшылық үшін жайлы іске аспай отырған осы электронды жүйені енгізуге біздің білгеніміз 15 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалған екен.