Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Білім беру мекемелері аумағында 7000 тал-терек отырғызылады

c 18:26, 13/04/2022 c 399

0:00 / 0:00

Биыл облыс орталығын көгалдандыру үшін 350 млн теңгедей қаражат бөлінген. Бұл туралы шаһар басшысының орынбасары Мирас Мүлкәй хабарлады. Сәуірдің басында атқарушы билік сәуір мен мамыр айларын санитарлық тазалық айы деп белгілеген еді. Алғашқы сенбілік жаңбыр болуына байланысты өтпеді. Енді мамандар сәуірдің 16-сы мен 23-сінде Орал қаласындағы орналасқан тынымбақтарға ерікті түрде тұрғындарды тал-терек отырғызуға шақырады.

Биыл қала көшелерін күл-қоқыстан тазартып, жиыстырып, ағаш отырғызу үшін екі айлық санитарлық-тазалық айлығы жарияланған еді. 16-сәуірден бастап қала аумағында орналасқан барлық тынымбақтарға тал-терек отырғызу басталмақ.

Биыл жалпы шаһарды көгалдандыру үшін 350 млн теңгедей қаражат бөлінген. 3 жыл бұрын көгалдандыруды ұйымдастыру үшін тендер арқылы 5 лот белгіленген еді. Екі компанияның бірі гүл егіп, енді бір ағаш отырғызуы керек еді. Былтыр қалалықтар гүлзарлардың жағдайын жиі сынға алып, әкімдік кәсіпкермен соттасқаны да есімізде. Енді биыл 28 мың текше метр гүлзарға гүл отырғызатын компанияны іріктеуде.

Және биыл мектептер мен білім беру ұйымдарының аумағында 7000 тал-терек отырғызу жоспарланып отыр.

Сенбіліктер аясында 1000 сүмбіл терек көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына отырғызу үшін тегін беріледі. Ол үшін баспананың өкілі "Жайық таза" қала мекемесінің орман тәлімбағына барып, сұраныс жасай алады.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.