Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биліктен қоғамдық ұйым өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандарға үй салып беруді сұрап отыр

c 17:35, 19/02/2018 c 1121

0:00 / 0:00

Орал қаласында өткен есептік кездесуде облыс басшысына өтініштерін жеткізген орталық өкілдері өздерін мазалаған бірнеше мәселенің басын шалды. "Бәйтерек" мүгедек балалар қоғамдық бірлестігінің айтуынша, қазіргі ғимаратта орын тапшы. Сол себепті қысылып-қымтырылып, қуықтай жерде сабақ өткізуге мәжбүр. Ал 18 жасқа толған жеткіншектерді қоғамдық ұйым әрі қарай қамқорлығында қалдыруға қауқарсыз.

"Бәйтерек" мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің қамқорлығына 65 бала мен 180 ересек адам алынған. Орталық бүгінде бұрынғы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында орналасқан. Орынның тарлығына байланысты мамандар мында балаларды дамытуға қажетті қолда бар жаттығу құрылғыларын қораптарын ашып орната алмай отырғандарын айтады. Аталмыш мәселе облыс әкімінің халық алдындағы есебі кезінде көтерілді.

Ересек адамдар арасында да мүгедектік пен өзге де жағдайларда көмекке зәру азаматтарға көмек көрсету өзекті жайт. Оларға қолайлы жағдай жасау үшін алдымен орын-жай жабдықталуы тиіс.

Біздің облыста мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз қызмет алып, қоғамнан шеттетілмеуі үшін атқарылатын жұмыстардың маңызы зор дейді облыс әкімі.

Еліміздің кей өңірлерінде қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасалған баспаналар салынған.

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.