Орал қаласының 31 жасар тұрғыны, танымайтын ер адамды өлтіріп, он сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Күдікті бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін үш рет сотталыпты. Оқиға биылғы жылдың тамызында орын алған. Күдікті қаламызда орналасқан жатақханалардың бірінде алкоголь өнімін тұтынып отырыпты. Біраздан соң, қылмыскер арақ ішіп отырған досымен бірге темекі тарту үшін балконға шыққан кезде, дүкенге бара жатқан бейтаныс ерлі-зайыптыны көреді. Алкогольдік ішімдік ішкен күдікті дүкеннен келе жатқан бейтаныс ерлі зайыптыдан шылым сұрап, бірге арақ ішіп, артынша сөзге келген. Кейін, жатақхананың подъезінде адам өлтірді деген айыппен сотталған Копылов Черковпен төбелеседі. Бірақ, қылмыскерден таяқ жеген Черков үшінші қабатқа көтеріліп, бас сауғалауға тырысады. Ашуға булыққан қылмыскер бөлмесінен пышақты алып, төбелескен Черковты жазаламақшы болады. Подъездегі төбелес пен айқайды естіген Кухаев екі ер азаматты айырмақ мақсатта, төбелеске арасалады. Бірақ, марқұмның өзі күдіктінің қолынан қаза табады. Қанды қол қылмыскер Кухаевты кеуде тұсынан төрт рет пышақтайды. Соттың шешімінен сәйкес, күдікті марқұмның анасы мен оның отбасына 511 мың теңге көлемінде материалды шығын мен 3 млн теңгедей болатын моральдық шығынды өтеп беруі тиіс.