0:00 / 0:00
Оралда бес қабатты үйден өрт шықты. Ларин көшесі тоғызыншы үйдің төртінші қабатындағы пәтерден басталған өрт кезінде алты тұрғын дереу ауруханаға жеткізілген. Пәтер қожайыны төтенше жағдайдың өзінің кінәсінен болғанын да мойындап отыр. Арна тілшісі оқиға орнынан.
Ларин көшесіндегі 9-шы үйде түнгі сағат өрт бірлерде шыққан. Төртінші қабаттағы алау 25 шаршы метрді қамтып, одан шыққан иістен алты адам зардап шегіпті, олардың біреуі кәмелетке толмаған бала. Қызыл жалынды ауыздықтауға 22 төтеншелік ат салысты.
Төртінші қабаттағы пәтерден шыққан өрт басқа пәтерлерге де зардабын тигізіпті. Көрші пәтерлер былай тұрсын, бесінші қабаттағы баспаналардағы жөндеу жұмыстарынан да түк қалмаған. Ал түтіннің иісі әлі күнге дейін, тіпті есік алдынан да шығып тұр. Тұрғындар болған жағдайға сол 53 пәтердің қожайынын кінәлайды. Үй иесінің өзі де өрттің жанып тұрған майшамның кесірінен болғанын мойындады.
Замир Галиев, тұрғын
- Өрт кезінде 3 пәтерде де тұрғындар болды. Түнгі уақыт болғандықтан, олардың бәрі бірден ояна қоймаған. Менің отбасым балконда тұрды, себебі түтіннің иісінен уланып қалулары мүмкін еді. Ал 53-пәтердің иесі үнемі алкогольді ішімдік ішеді. Жақында анасы қайтыс болған еді, үйінде майшам жағылып тұрған. Майшамды қараусыз тастауға болмайды ғой. Бұл жағдай осылай қалмайды деп сенемін. Себебі шығын аз емес.
Тұрғындар түндегі өрттен қорқып кеткен. Бізге шағымын айтқан Камилла есімді екіқабат келіншек төтенше жағдайдан кейін ауруханаға жеткізілгендердің бірі.
Каюпова Камилла, тұрғын
- Түтіннің иісінен тұншығып қалдық. Төтеншеліктерді балконда тұрып күттік. Балконға баспалдақ жалғап, сол арқылы аман қалдық. Қасымда екі жасар балам баар еді. Қорыққаннан тіпті жылай алмай қалды. Өзім екіқабатпын, ауруханада маған түсік қаупі бар деді. Қазір біз туыстарымыздың үйінде тұрамыз. Қайда барамыз?!
Енді тұрғындар материалдық шығын өтелу үшін сотқа шағымданбақ.