Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бес инвестициялық жоба мақұлданды

c 16:54, 19/02/2021 c 501

18 ақпан күні БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен  инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Онлайн режимде өткен жиында кеңес мүшелерінің назарына бес жаңа инвестжоба ұсынылды.  «КазАрмапром» ЖШС кеңес мүшелеріне газ поршенді электр станциясы құю цехының құрылысы жобасын таныстырды. Зауыт Бәйтерек ауданы Белес ауылы маңына жоспарланып отыр. Кәсіпорын жылына 20 мың тонна машина құрылысына қажеттілікті өтеуге  қуатты болады деп күтілуде.   Бұл жобаның өңірімізде іске  қосылуы импортқа тәуелділікті төмендетуге  мүмкіндік береді. Зауыт құрылысын жүргізуде 200, іске қосылған жағдайда 400-дей адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Ал Теректі  ауданы аумағында жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және ұсақ, ірі қара малға жем дайындаудан бастап, сүт және ет өнімдерінің өндірісі. Жобаны биылдан жүзеге асырған жағдайда табиғи қалыппен төрт жылдан соң 4700 бас ірі қара, 2000 сиыр  және 2700 бас генетикалық және етті  бағыттағы мал болады. 2000 сиырдан 25 литрден күніне 50 000 литр сүт өндіріледі. Жылына орта есеппен 450 келі есебімен 1600 ірі қара союға жіберіледі.Инвестицияның жалпы көлемі – 20  млрд.теңге.  Қазіргі уақытта 5000 гектарлық  жер бар, жобаның толық қуаттылығы үшін қосымша 5000 гектар жер және зауыт құрылысы үшін 200 гектар жер учаскесі қажет. Теректі ауданында жүзеге асырылуы жоспарланған тағы бір жоба – керамзит қиыршық тасын шығаратын зауыт құрылысы. Құны – 2,5 млрд. теңге. Бұл зауыт құрылыс үшін жылына 200 мың текше метр өнім ндіреді.«FOOTBALL KIDS URALSK» жеке кәсіпкерлігі Орал қаласында балалар футболын дамытуға ниетті. Инвестициялық жобаның құны – 118  млн. теңге. Инвесторлық кеңесте қолдау тапқан жобалардың қатарында Қазталов ауданында  жүзеге асырылатын балық өсіру агроөнеркәсіптік кешенін ұйымдастыру жобасы. Оған қоса кешенде  ірі қара, құс өсірілмек. Инвестициялық жобаның құны – 200 млн. теңгеге есептелген. Жиынды қорытындылаған облысы басшысы Ғали Есқалиев ұсынылған әр жобаның маңыздылығын атап өтті. Осы жобалардың іске қосылумен 700-ден астам жұмыс орны ашылатын болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.