0:00 / 0:00
Қала жолдарындағы апат санының артуы қадағалаушы орган өкілдерінің алаңдаушылығын тудырып отыр. Мәселен, 2025 жылдың бес айында Орал қаласында 287 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 415 адам жарақат алған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол апаты 4,7%-ға, ал зардап шеккендер саны 15,9%-ға артқан. Қайтыс болғандар санының төмендегеніне қарамастан, жарақат алғандар санының өсуі жағдайдың күрделі екенін көрсетеді. Осыған байланысты қалалық прокуратура полиция органдарымен бірлесіп «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Қала тұрғындарының пікірінше, мұндай профилактикалық шаралар жүргізушілердің жол ережелерінің маңыздылығын түсінуіне септігін тигізеді.
Прокуратура өкілдері профилактикалық іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жолда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Қадағалаушы орган өкілдері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақтыққа, жауапкершілікке және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.