0:00 / 0:00
21-қаңтар күні мектепте сабақ үстінде 12 оқушының жағдайы күрт нашарлап кеткен. Олардың тыныс алуы қиындап, аяқтарын баса алмай, бастары айналып, дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. Қазіргі таңда аталмыш ауылда тергеу комитетінің мамандары жұмыс жасап жатқанын естеріңізге салайық. Уланып құлаған балалардың арасында осыған дейін зардап шеккендерден бөлек, бұрын-соңды денсаулығында кінәрат болмаған оқушылар да болған. Сондықтан үрейленген кейбір ата-аналар балаларын мектепке жібермей үйде ұстайтындарын мәлімдеп отыр. Айта кетсек, 20-қаңтар күні энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин, БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған бір топ комиссия мүшелері Березов ауылын көшірудің қажеттігі жоғын жариялаған болатын.