Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бензин қымбаттайды

c 20:26, 17/10/2019 c 586

0:00 / 0:00

Бензин бағасы өсіп, Ресейдегі бағамен теңесуі мүмкін. Бас энергетик Қанат Бозымбаевтың болжамы осындай. Бұл жайында министр сенат дәлізінде журналистерге берген сұқбатында айтты. Бозымбаев, алдағы бір жарым айда  бензин бағасы күрт өспейді деп сендіреді. Оның айтуынша, қазір бұл нарық бақыланбайды. Бұл тұтыншуылар үшін тиміді, себебі бензин мен жанар май бізде қымбат емес дейді министр. Дегенмен, Қазақстанда бензин бағасы біртіндеп өсіп, көрші Ресей нарығындағы бағаға жетуі мүмкін.

Қазақстандағы бензин бағасы Ресейге қарағанда төмен. Бұл жағдайды біздің елмен шекаралас  ресейлік жүк тасымалдаушы көлік иелері өз қажетіне пайдаланып отыр. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда жанар-жағар майдың арзан болуы, салық салу жүйесімен байланысты.  Еліміздің бас энергетигі бензин бағасы бірден өсіп, тұтынушыларға ауыртпашылық түсірмеуі керек дейді. Дегенмен министр Бозымбаев, бағаның қашан өсетіні жайында нақты жауап айтпады.

Министрдің айтуынша, көпке ұзамай Қазақстанда жанар-жағар май бағасы көрші Ресейдегі бағаға жетіп жығылады. Арзан бензинді заңсыз шетке тасымалдау үрдісі жүріп жатқанын айтады Бозымбаев.  Яғни Қазақстан өзгенің экономикасына субсидия құйып жатыр деп түсіндірді министр. Осыған орай, энергетика министрлігі ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға шектеу қою туралы бұйрықты бекітуді жоспарлап жатыр. Тек жеңіл атвокөліктерге көлік бөшкесіндегі бензинмен қоса, 20  литрлік бензин құйылған ыдысты алып шығуға рұқсат беріледі.

Бұл орайда  ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бір литр бензиннің акцизін 10  теңгеге өсіруді ұсынып отыр. Өздеріңізге мәлім, бюджет шығыстары айтралықтай артты, оның ішінде әлеуметтік салаға қомақты қаржы бөлініп жатыр. Бұл орайда, бюджетті нығайту қажет деді министр. Көптеген елдерде бензин құнының жартысын акциз құрайды. Ал бізде ол 8 теңге,-деді министр Сенат дәлізінде берген сұқбатында.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.