Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бензин  қымбаттады

c 19:22, 09/04/2021 c 606

0:00 / 0:00

Елде азық-түлік бағасының қымбаттап жатқаны аздай, енді бензинің де құны шарықтады.  Ең көп сұранысқа ие Аи 92 маркалы бензиннің литрі 170 теңгені құрап отыр.   Осы жылдың басынан бері АИ 92 бензинінің литрі  20-30 теңгеге, АИ 95 маркалы 5 теңгеге өсті. Энергетика министрлігі бензин бағасын ұстап тұра алмаймыз, нарық шешеді деп дейді. Ал автокөлік жүргізушілері болса қалталары қағылса да, қымбат бензинді тұтынуға мәжбүр.

Еліміздің бірқактар  қалаларында бензин тапшылығы мен жанар –жағар май құны шрықтап тұр. Автокөлік  жүргізушілері мұнайлы елде бензиннің қымбаттауы ақылға сыйымсыз деп шағымданады.  Жиі тұтынатын АИ 92 отынының литрі 170 теңгеден сатылуда. Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал мен Атырау өңірлерінің   тұрғындары бензин қымбатшылығын қатты сезінді.  Кей өңірлерде 200 теңгеге дейін жеткен.

Энергетика министрлігі болса, бензин бағасын ұстап тұра алмаймыз, еркін айналымға жіберілген деп отыр. Қазақстанда жанар-жағармай материалдарының бағасы әлемдік мұнай бағасымен байланысты емес. Республиканың ішкі нарығында жанар-жағармай материалдарының бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатынын, яғни оларды нарық реттейді дейді министрлік өкілі.

Экономистердің айтуынша,  бензин бағасының өсуі онсыз да қымбаттаған азық-түліктің құнына кері әсер етуі мүмкін.  Осы жылдың басынан бері АИ 92 бензинінің литрі  20-30 теңгеге, АИ 95 маркалы отыны  5 теңгеге артқан. Дегенмен, автокөлік жүргізушілері асқақтаған бағаны көріп, кері бұрылып кетіп жатқан жоқ.Темір тұлпарына қымбат бензинді құюға мәжбүр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.