0:00 / 0:00
Өңірде бензин бағасы шарықтап барады. Айналдырған бір апта ішінде жұрт көп тұтынатын АИ-92 маркалы жанармай шамамен 30 теңгеге қымбаттаған. Яғни, бұған дейін АИ-92 140-150 теңге аралағында болса, қазір бұл жерде бензин құны -170 теңгеге сатылып жатыр. Тұрғындар жанармай құны өссе, өзге қызмет түрлері мен азық-түлік те қоса қымбаттайды деп уайымдап отыр.
Республикалық БАҚ-ы хабарлағандай ел аумағында 2025 жылға дейін 5 жаңа мұнай-газ химиясы зауыты пайда болады. Оған дейін көлік отынының құнын ұстап тұруға жергілікті билік қауқарсыз екендерін айтады.