Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бектеновтің Шығыс Қазақстанға сапары

c 18:37, 22/07 c 61

0:00 / 0:00

Шығыс Қазақстан облысының экологиялық туризмді дамытуда әлеуеті зор. Бұл туралы өңірге сапарлап барған премьер-министр мәлімдеді. Туристтердің санын арттыру үшін инфрақұрылым желілерін дамыту қажет. Қазіргі таңда аймақта Қазақстандағы ең ұзын көпір салынуда.

Қатон-Қарағай, Бұқтырма су қоймасы мен Сібе өзенінің табиғатын тамашалау үшін алыс-жақын шетелдерден туристтер арнайы келеді. Туризм министрлігі өңірге деген қызығушылық зор,- дейді. Өткен жылы 370 мың мейман сапарлапты. Осы аймақ Қытай мен Ресейдің шекарасында орналасқан.

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысының қонақ үйлері 6 млрд теңгеден астам пайда тапқан. Облыс билігі комьюнити туризмнің дамуына екпін салып отыр. Яғни, ауыл мен елдімекеннің тұрғындары іс-шараларға бірдей атсалысады.

Туризм үшін жолдар мен бағыттар маңызды. Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салынады. Ол республикадағы ең ұзын көпір болмақ. 50 жыл бойы тұрғындар аймақтың өзге аудандарына жазда пароммен, қыста мұзбен жүріп, қатынады. Мұнда халықтың ыңғайлылығы үшін көпір ғана емес, сонымен қатар ұзындығы 18,6 км көпірге кіреберістері бар автожол да салынбақ.

Бектенов металлургтер күні қарсаңында өңірге сапарлады. Үкімет басшысы сапары барысында "Қазмырыш" зауытында болып, қызметкерлермен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады.

Өңірде таулы металлургиялық кешенде 20 мың кәсіби білікті маман жұмыс істейді. Ал 45 мың жұмысшы сервистік компанияларда еңбектенуде. Жаңа жобалардың арқасында 2 мың жұмыс орны ашылмақ.

Компания мыс, бағалы металдар мен қорғасынның ілеспе өндірісінің үлкен үлесімен мырыш шығарады. Аталмыш кәсіпорын Қазақстандағы ең ірі алтын өндіруші. Бүгінгі таңда тау-кен металлургия кәсіпорнының зауыттары республиканың алты аймағында орналасқан.

сурет https://primeminister.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.