Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бейбіт митинг

c 15:17, 09/12/2019 c 657

0:00 / 0:00

Орал қаласында 8-ші желтоқсанда рұқсат етілген бейбіт митинг өтті. Митинг Ремзовод ауданында орналасқан "Черноболь" паркінде ұйымдастырылған еді. Азаматтар бағаның қымбаттап бара жатқандығына, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың таралып жатқандығына байланысты пікірлерін ортаға салды.

Енді тұрғындардың уәжіне кеңінен тоқталсақ. Бірінші кезекте тұрғындар қымбатшылық мәселесін көтерді. Митингте сөз алған жандар көгілдір отынның бағасын көрші облыстарымен салыстырып, облыста газдың бағасы қымбат екендігін жеткізді. Мәселен, Ақтау, Ақтөбе мен Атырау облыстарында газдың 1 куб метріне арналған бағасы 8 теңгеден аспайтын болса, ал, батысқазақстандықтар көгілдір отынның бір куб шаршы метрі үшін 17 теңгедей қаражат төлейді.

Бейбіт митингке жиналған азаматтар сыбайлас жемқорлыққа байланысты алаңдаушылықтарын да жеткізді. Олар Грузияны мысалға келтіріп, жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа төтеп беру керектігін еске салды.

Бейбіт митингке шыққан азаматтар қолдарындағы жазбаларында "Қымбатшылыққа қашанғы жол береміз", "Стоп коррупция" мен "Полиция өз функциясын орындасын" деген тілектерін оқуға болады. Жақында полиция қызметкерлерімен соттасқан Айболат Бөкенов құқық қорғау органдарының салғыртығын сынға алып, өз ойын жеткізді.

Митингке сөз алған нәзік жандылар ана мен бала құқығын қорғайтын арнайы заң керек,- дейді. Олар биыл тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің "жырын да" еске алып, табысы артқан жанұялардың жәрдемақыны кері мемлекетке қайтарып жатқандығын да айтып өтті.

Орал қаласында бейбіт митинг 2012 жылдан кейін, жеті жылдан соң өтті.

 

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.